Теміржолшылар «ЭКСПО» көрмесіне жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржолшылар «ЭКСПО» көрмесіне жол тартты

17.08.2017

«ЭКСПО» халықаралық көрмесіне Қазақстан теміржолының Алматыдағы бөлімінен 550 қызметкер жолға шықты. Олар елордадағы халықаралық көрмені тамашалап, әлемнің әр қиырынан келген ғылыми жаңалықтарды көріп қайтуды мақсат етіп отыр. Қыстың көзі қырауда, жаздың аптап ыстығында шойынжолды жөндейтін мамандардың арасында Астанаға алғаш рет жолы түскендер де бар. Жалпы, жаппай жаһандану үрдісінің көшіне ілескен еліміздің әрбір азаматының қиялында болашақтың энергиясы қандай болады деген сауал бар екені белгілі. «Енді бұл сұрақтың жауабын «ЭКСПО» көрмесінен алуға зор мүмкіндік туды», - дейді теміржолшылар.   

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу