«ЭКСПО»-дағы 2 айдың қорытындысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО»-дағы 2 айдың қорытындысы

15.08.2017

«ЭКСПО» көрмесі басталғалы халықаралық павильондарға 17 миллон адам кіріп-шыққан. Оның ішінде - Африка плазасы, Мысыр, Түркия,  Әзірбайжан, Таиланд павильондарына халық көп барған екен. Мұны бүгін баспасөз конференциясында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының департамент директорлары мәлімдеді. Оның сөзінше, «ЭКСПО»-да 2 ай ішінде 66 мемлекеттің Ұлттық күні өтіп, 160-қа жуық тақырыптық іс-шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар, маусым айынан бастап көрмеге 22 елдің үкімет басшысы, 78 мемлекеттің сыртқы істер министрі келген екен. Көрмеде әсіресе, сауда қызып тұр. Тауар айналымының жалпы сомасы 905 миллион теңгеге жеткен. Бұдан өзге, екі айда 5 мыңға жуық адам медициналық көмекке жүгініпті.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу