«Таңшолпан». Ансис Эгле: Латвия павильоны өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда аз қаржыға жасақталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ансис Эгле: Латвия павильоны өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда аз қаржыға жасақталды

14.08.2017

Латвия павильонына кіріп келгенде алдымен сутегімен жүретін паровозды көресіз. Мұндай паровоздың үшеуі алдағы күзде қолданысқа енгізілмек. Ал, келесі бөлігінде Латвияда өндірілген жеңіл өнеркәсіптің өнімдерімен таныс боласыз.

Сонымен қатар, павильонда Латвияның экономикасы, білім беру жүйесі, табиғаты туралы қызықты ақпарат алуға болады. Елде қарағайдың көп өсетінін білдіру үшін ұйымдастырушылар павильондағы қайықтың ішіне қарағайдың жаңғақтарын салған. Сондай-ақ, қарағайдың шайыры мен теңіздің суы араласқанда пайда болатын бағалы тасты көруге болады.

«Көлемі 365 ш.м. құрайтын Латвия павильоны өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда аз қаржыға жасақталды. Соған қарамастан, біз өз мүмкіндігімізді барынша пайдалануға тырыстық. Латвия жерінде пайдалы қазбалар аз болғандықтан, баламалы энергия көздерін қолданамыз», - дейді павильон директоры Ансис Эгле.

Хабарламаларға жазылу