Сыр өңірінде су тапшылығынан күріштік көлемі 10 мың гектарға дейін қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде су тапшылығынан күріштік көлемі 10 мың гектарға дейін қысқарады

13.05.2021

Сыр өңірінде күріштік көлемі биыл 10 мың гектарға дейін қысқаруы мүмкін. Бүгінде мамандар өзен жағдайын бағамдап, су жетуі қиын алқаптарды нақтылап жатыр. 

Сырдариядан түсетін судың мөлшері өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз болатыны қазірден белгілі. Сондықтан, аймақ күріш егістігін азайтуға мәжбүр. Жыл басында 5 мың гектар делінсе, енді 10 мыңға дейін қысқарту көзделуде. Дегенмен, өңір диқандары ақмаржанның орнына суды аз қажет ететін дәнді-дақылдар екпек.

Шахмардан Қойшыбаев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Көкөніс, бақша-дақылдарын мың гектарға, мал азықтарын 5,5 мың гектарға көбейтіп отырмыз. Судың тапшылығы қазір сезілуде. Бүгінгі таңда күріштің 38,478 мың гектары 45 пайызы егілді.

Әділбек Серікұлы 


сыр өңірі күріш алқаптары

Хабарламаларға жазылу