Бүгін «ЭКСПО» көрмесінде «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «ЭКСПО» көрмесінде «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен конференция өтті

10.08.2017

Онда қаузалған тақырып – көміртегі диокситтерінің қалдықтарын қысқартып, энергия үнемдеу тәсілдерін дамыту. Өндірістік революция басталғаннан бері көміртегі диокситтерінің қалдықтары үш есеге өскен. Сәйкесінше, одан бөлініп шыққан жылу да артып отыр. Бұл жаһандық ауа райының бұзылуына әкеп соғады. Осы және өзге де тақырыптар жиында талқыланып, тиімді тетіктер қарастырылды. Тағы бір маңызды ақпар. СО2-нің өндірістік қалдықтары әлемдегі барлық қалдықтардың 40 пайызын құрайды. Бұл дегеніміз, адам өз қолымен табиғатқа, қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп жатыр деген сөз.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу