«ЭКСПО-2017» аумағында Чехия Республикасының ұлттық күні аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» аумағында Чехия Республикасының ұлттық күні аталып өтті

17.07.2017

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия Парламенті Сенатының төрағасы Милан Штех қатысты. Қос елдің өкілдері «ЭКСПО-2017» көрмесі технологиялық жаңғыруға және халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына жаңа серпін беретінін тілге тиек ете келе көптеген елдердің экономикасы мен ғылыми бағыттағы салалардың дамуына да үлес болатынын айтты.

Мәселен, Чехия мемлекетінде жаңартылатын энергия көзін пайдалану көрсеткіші 13 пайызды құрайды. Сенат төрағасы халықаралық қатысушылар мен шетелдік қонақтарға көрме аяқталған соң, «ЭКСПО» нысандарында жұмыс істейтін жаңа құрылымдар туралы да айтып берді. 

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу