«ЭКСПО» көрмесі аясында Израиль ұлттық күнін тойлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесі аясында Израиль ұлттық күнін тойлады

29.06.2017

Шара Қазақстан мен Израиль делегациясы мүшелерінің сөз сөйлеуімен басталды. Кейін 2 мемлекеттің ұлттық туы көтеріліп, мейрам концертпен жалғасты. Израиль күнін өткізуге бұл елден арнайы өнерпаздар келген. 

Қонақтар Израиль мен Қазақстанның ұлттық павильонын аралап, экспозицияларымен танысты.

Айта кетейік, Израиль павильонынан баламалы энергия тақырыптарында тың жобаларды көруге болады. Бұл мемлекет бүгінде жаңғыртылмалы энергияның 12 пайызын пайдаланып отыр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу