ЭКСПО-2017: Бенин мемлекетінің ұлттық күні тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО-2017: Бенин мемлекетінің ұлттық күні тойланды

01.08.2017

ЭКСПО көрмесі аясында Батыс Африкадағы Бенин мемлекеті ұлттық күнін мерекеледі. Шара барысында мәдени кеш ұйымдастырылып, бұл елден келген танымал музыкалық топ өнер көрсетті. Концерт көрме алаңымен жүріп өткен парадпен жалғасты. Бенин мемлекетінің «жасыл энергия» тақырыбындағы экспозициялары Африка Плазада орналасқан. Ал, Республиканың өзіне тоқталар болсақ, бұл ел жаңғыртылмалы энергия көздеріне өте бай. Мәселен, Бениннің энергетикалық секторында 60 пайыз биомасса қолданылады екен. 


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу