Қазақтың алғашқы операсы «Астана Опера» театрында сахналанды. Ұлттық музыкалық өнердің інжу-маржанын дүниежүзі қазақтарының құрылтайына келген меймандар да тыңдады. Жібектің рөлін Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы сомдады. Қойылымның декорациясы ерекше.
Айта кетейік, Жібек пен Төлегеннің махаббаты туралы либреттоны Ғабит Мүсірепов, ал музыкасын Евгений Брусиловский жазған. Опера тұсаукесері 1934 жылы Қазақ музыкалық театрының сахнасында өтті. Қойылымда классикалық аспаптармен қатар, домбыраның, қылқобыздың, шаңқобыздың, жетіген мен кернейдің үнін тыңдауға болады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ