EXPO көрмесі туризмді дамытуға жол ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO көрмесі туризмді дамытуға жол ашты

19.06.2017

«ЭКСПО» көрмесінен кейін Қазақстан мен Қытай арасында экономикалық байланыс артып, туризмді дамытуға арналған жаңа жобалар іске асырылады. Бүгін Алматыда «ЭКСПО» көрмесі аясында бас қосқан Қазақ-Қытай бизнес өкілдері мен туризм саласының мамандары екіжақты меморандумға қол қойды. Соған сәйкес, осы саланы өркендету үшін тарихи орындар мен табиғаты көркем жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастырылады.

Жалпы, биыл қос ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына - 25 жыл. Сондықтан, елімізде «Қытай туризмі жылы» ретінде бекіді. Сондай-ақ, келешекте туристер үшін бір ай көлемінде визасыз режим жүйесін енгізу көзделген. «Ал, мұндай қадам көршілес мемлекеттердің барыс-келісін екі есеге арттырады», дейді сарапшылар.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу