Елбасы EXPO қалашығы құрылысының капсуласын салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы EXPO қалашығы құрылысының капсуласын салды

24.04.2014
Елбасы EXPO қалашығы құрылысының капсуласын салды
Бүгін Елордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана EXPO-2017» көрме кешенінің құрылыс орнында капсула орнату рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
 
Шараға  ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин, Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов және «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев қатысты.
 
Капсуланы орнатқан соң Елбасы көрме кешені құрылысының басталуына жол ашты. Оның жалпы аумағы  - 174 гектар. Мұнда аумағы 1 миллион шаршы метрден асатын нысандар бой көтермек.
Ұлттық компанияның басшылығы Нұрсұлтан Назарбаевты көрме кешенінің құрылысы  бойынша жұмыс кестесімен таныстырды.
 
Негізгі құрылыс жұмыстары 2014 жылдың мамыры мен 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
 
Кешеннің көрме аймағына Қазақстанның ұлттық павильоны, тақырыптық және корпоративті павильондар, сауда, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналастырылады.
 
Көрмеден тыс аймақта конференц-орталық, баспасөз орталығы, жабық қала, тұрғын үйлер мен қонақүйлер болады.   
 
Халықаралық көрмелер туралы конвенцияға сәйкес, Астанадағы EXPO-2017 көрмесі үш айға созылады. Шараға 100-ден астам мемлекет өкілдері қатысады деп жоспарланған.
 

Хабарламаларға жазылу