EXPO-2017 халықаралық көрмесіне келген ресми тұлғалар (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 халықаралық көрмесіне келген ресми тұлғалар (ФОТО)

09.06.2017
EXPO-2017 халықаралық көрмесіне келген ресми тұлғалар (ФОТО)

Астанада көптен күткен EXPO-2017 көрмесі басталды. «EXPO-2017: Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесінің ашылу салтанатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетуде.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы - көрменің ресми ақпарат таратушысы.

Ашылу рәсіміне 17 мемлекеттің басшылары  мен үкімет жетекшілері қатысуда.  

Олардың ішінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Армения Президенті Серж Саргсян, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұxамедов, Чехия Президенті Милош Земан, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Испания королі Филипп VI, Сербия Президенті Александр Вучич, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мен Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Мухамад Наваз Шариф бар.

Сондай-ақ, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель, Сингапур Парламентінің төрайымы Халима Якоб, БАӘ вице-премьер-министрі, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Аль Нахаян, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррес, Халықаралық көрме бюросының президенті Стин Кристенсен арнайы келді.

Хабарламаларға жазылу