Орынбор облысынан келген делегаттар «ЭКСПО»-ны аралап шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орынбор облысынан келген делегаттар «ЭКСПО»-ны аралап шықты

24.08.2017

«ЭКСПО» көрмесін Орынбор облысынан келген делегаттар мен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ аралап шықты. Қонақтар «әлемнің озық елдерінің басын қосқан халықаралық көрме жоғары деңгейде ұйымдастырлған» деп баға берді. Болашақта Ақтөбе облысы мен Ресейдің Орынбор облысы арасында әріптестік байланыс нығая түспек. Тараптар баламалы энергия саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Инновация, жаңа технологияларды жүзеге асыратын бірнеше жобалар қазірден дайын. Күзде Ақтөбе қаласы мен Орынбор облысында екіжақты кездесулер өтеді, нақты шешімдер сол кезде қабылданады.

 

Жұлдыз АЛМАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу