ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне ат спорты түрлерінен «ЭКСПО Кубогы» ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мәлім етті. Әзірге 5 мемлекет бәйгеге сәйгүлік әкелуге ниет білдіріпті. Ал, көкпарға қызығушылық танытып, алдағы уақытта өздерінде дамытуды жоспарлап отырған елдер көп көрінеді. Жарыстың сыйақы қоры қомақты. Халықаралық доданы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙ