Италия ЭКСПО-2017 көрмесіне дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италия ЭКСПО-2017 көрмесіне дайын

05.06.2017

Итальялықтар көрме аясында «Энергия дегеніміз не және ол не үшін қызмет етеді?» деген сұраққа жауап беруді көздейді. Италияның «Астана ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесіндегі павильонының тұсаукесерінде елші Стефано Раваньян осылай деді. Оның айтуынша, павильон 4 негізгі залдан тұрады. Олардың әрбіреуі кәрі құрлықтағы елдің өткені мен бүгіні жайында баяндайды. Павильонда әр апта сайын Италияның 15 провинциясынан келген меймандар өздерінің инновациялық жобаларын, стартаптарын және өндірген дүниелерін көрсететін болады.

Сонымен қатар, италиялық өнертапқыштардың қолынан шыққан туындылар да көпшілікке таныстырылады. «Оларды 360 градустық бірегей панорамалы түсірілім нәтижесінде көруге болады», дейді өкілдер. 

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу