Елбасы Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен бірге Германия павильонына барды

12.07.2017

Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Германия ұлттық павильонының экспозицияларын аралау барысында көлік құралдары мен тұрғын үйлерді жетілдіруге қатысты неміс өнеркәсібі мен ғылымы әзірлеген инновациялық шешімдермен танысты.

Екі ел президенттері жел, күн және су электр станцияларының үлгілері, электр қуатымен қозғалатын болашақ көлік экспонаттары қойылған «Болашақтың картасы» және «Болашақтың қаласы» атты көрме алаңдарын аралап, «Энергетикалық шоу» көрсетілімін тамашалады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Германия павильонының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Германия Президентіне Қазақстанның «Нұр Әлем» ұлттық павильонын көрсетті.

Хабарламаларға жазылу