EXPO аумағындағы нысанға қатысты комиссия мен министрлік екі түрлі қорытынды жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO аумағындағы нысанға қатысты комиссия мен министрлік екі түрлі қорытынды жасады

03.03.2017
«ЭКСПО» қалашығындағы нысандар қауіпсіз. Ұлттық компания өкілдері бүгін көпшілікті осылай деп сендірді. Айта кету керек, былтыр қараша айында «ЭКСПО» аумағындағы декоративті нысандардың бірі опырылып құлаған болатын. Артынша, апаттың себебін анықтау үшін Ұлттық компания арнайы комиссия құрса, Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады.

Алайда, комиссия мен Ішкі істер министрлігінің қорытындылары әр түрлі болып шықты. Комиссия құрылыс нысанының құлауына жобалаудағы қателіктер себеп болды десе, министрлік дәнекерлеуші кінәлі деп тапқан.

Бүгін Ұлттық компания өкілдері министрліктің мәлімдемесіне қарамастан, комиссияның сараптамасына сенетінін айтты.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу