Қант тапшылығы болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қант тапшылығы болмайды

16.04.2022

Қант тапшылығы болмайды. Қазақстан биылғы жылдың тамыз айының соңына дейін нөлдік импорттық кеден бажымен жалпы 350 мың тоннаға дейін ақ қант пен құрақ шикізатын импорттай алады. Бұл туралы Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды. Сөйтіп, еліміз бажсыз импортқа қатысты квотаны тағы 100 мың тоннаға арттырады. Негізгі импорттаушы елдер – Ресей мен Беларусь, ал аталған екі ел экспортының шектелуі Қазақстанды жаңа жеткізушілерді іздеуге мәжбүрледі. Сондықтан отандық тұтынушылар үшін қанттың бағасын тұрақтандыру мен төмендетуді қамтамасыз ету, министрлік алдында тұрған басты міндет деді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. 

Хабарламаларға жазылу