Швейцария ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын мәлім етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцария ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын мәлім етті

22.01.2016
Швейцария ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын мәлім етті

Бұл туралы Давос қаласында жыл сайынғы өткізілетін Бүкіләлемдік экономикалық форумда белгілі болды. 

Келсімшартты «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Швейцария Конфедерациясының секция комиссары Мануэль Салхи. 

«Швейцарияның осы бір маңызды шараға қатысатындығына біз өте қуаныштымыз. Швейцария баламалы қуат көздерін белсенді пайдаланатын мемлекеттердің бірі. Оның үстіне, бүгінгі таңда климат өзгеріп жатыр. Сондықтан, біз тек энергетика тақырыбын ғана емес, оның қоршаған ортаға ықпалы мәселесін де көтеретін боламыз», - деді сөзінде Ұлттық компания басшысы А.Есімов.

«ЭКСПО – бұл Швейцария үшін энергоүнемділік пен жасыл технологиялар саласында атқарған жұмысын әлемге паш ете алар үлкен мүмкіндік. ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбы уақытылы әрі маңызды. Дүние жүзі бойынша энерготиімділік пен баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері ерекше өзекті. Бұл ретте, Швейцарияның әлемге көрсетері бар», - деді Швейцария Конфедерациясының секция комиссары Мануэль Салхи.

Осы келісімшарт арқылы Ұлыбритания ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильондарының бірін алып, қайда орналасатындықтарын анықтады. Ендігі уақытта швейцариялықтар павильондарының ішкі мазмұны бойынша жұмыстарын бастап кетті. 

Сонымен қатар, Астана ЭКСПО-2017 Давос қаласында ақпараттық науқан жүргізіп жатыр. Автобустар мен отельдер көрме логотипімен безендіріліп, Цюрих қаласының әуежайында арнайы көрме туралы бейнеролик көрсетілуде.

Айта кету керек, бүгінгі таңда 70 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым ЭКСПО көрмесіне қатысатындығын ресми растады.

Хабарламаларға жазылу