«Expo Milano-2015» көрмесіндегі Қазақстан павильонында Елорда күні аталып өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Expo Milano-2015» көрмесіндегі Қазақстан павильонында Елорда күні аталып өтті (ФОТО)

08.07.2015
«Expo Milano-2015» көрмесіндегі Қазақстан павильонында  Елорда күні аталып өтті (ФОТО)

Миланда өтіп жатқан «Expo Milano-2015» көрмесіндегі Қазақстан павильонында Елорда күні аталып өтті.

Мерекеге орай қазақстандық және италиялық әншілердің, шығармашылық ұжымдар мен би топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Шараға Қазақстанның Италиядағы Елшісі Адриан Елемесов, «EXPO-2015» көрмесінің Бас комиссары Бруно Паскуино, сондай-ақ, Катар, Румыния, Беларусь, Словакия және Ұлыбритания елдерінің комиссарлары қатысты.

ҚР-ның Италиядағы Елшісі Адриан Елемесов Елорда күніне арналған мерекелік кешті құттықтау сөзімен ашып, Қазақстан елордасы жөнінде және еліміз үшін үлкен маңызға ие алдағы EXPO-2017 көрмесі туралы баяндады.

Мерекелік бағдарламада Маржан Арапбаева, Айзада Қапонова, Азат Мәлік, Айгерім Ерғалиева, Салтанат Байжұманова, Ботакөз Қалиева, Гүлмира Жұмабекова, Оралхан Алтынбеков, Аугусто Амикуччи, Меруерт Мүсірәлі сынды халықаралық байқаулардың лауреаттары ән шырқап,  «Шалқыма» халық би ансамблінің, «Байжан», «Аюми» топтарының концерттік нөмірлері көрсетілді.

Шараға қатысушылар қазақтың ұлттық музыка аспаптарымен танысып, Қазақстан елордасының заманауи келбеті, тарихы мен даму келешегі туралы бейнеролик тамашалады.

Сондай-ақ, Құрманғазының «Адай» күйін, италиялық шығармалардың гитара және домбырада орындалған жаңа әуезін тыңдап қайтты.

Кеш соңында қонақтарға естелік кәдесыйлар тарту етілді.

 

 

Хабарламаларға жазылу