«Online EXPO-2017» байқауына 450 инновациялық жоба келіп түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Online EXPO-2017» байқауына 450 инновациялық жоба келіп түскен

23.06.2015
«Online EXPO-2017» байқауына 450 инновациялық жоба келіп түскен

Бүгінгі күнге дейін «Online Expo-2017» байқауына 450 инновациялық жоба келiп түскен. Бұл туралы бүгiн «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік  қоғамының басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова мәлімдеді.

Оның айтуынша, республикалық байқау ұсынысы ерек, қоғамға пайдасы бар тың инновациялық жобалардың авторларын анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өнертапқыштың жобасы жұртшылықтың назарына іліккен жағдайда оның өнеркәсіпке енуіне жағдай жасайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде өз жобасының ерекшелігімен көзге түскен өнертапқыштар да бар екен.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу