Астана жоғары инвестициялық белсенділік фазасына қосылды. Ағымдағы жылдың төрт айында бас қалаға 142,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл - 2014 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 4 есеге артық.
Қазақстанға келетін жалпы инвестициялар ағынының 10 пайызы Астанаға тиесілі. Ал, инвестициялық өсімнің елеулі үлесі EXPO-2017 көрме кешенінің құрылысынан түсуде.
«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта жобаға 1,2 миллиард доллар инвестиция тартылған.
Ал, жалпы шараны өткізу құны шамамен 3 миллиард долларға жуық қаражатты құрайды, деп хабарлайды ranking.kz.