Шығысқазақстандық Болат Тағабай EXPO-2017 көрмесіне 100 мың асық тарту етпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығысқазақстандық Болат Тағабай EXPO-2017 көрмесіне 100 мың асық тарту етпек

18.05.2015
Шығысқазақстандық Болат Тағабай EXPO-2017 көрмесіне 100 мың асық тарту етпек

Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай ауданының тұрғыны Болат Тағабай EXPO-2017 көрмесіне 100 мың асық тарту етпек.

Ол қазақ халқының ұлттық құндылықтарын халықаралық көрмеде осылай насихаттамақ. Бүгінде оның қорында 45 мыңнан астам асық бар.

Өткен жылы әлемдегі ең көп асық жинаған және ұлттық ойын түрін кеңінен насихаттаушы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Коллекционерде тек төрт түліктің ғана емес, тауешкі, арқар сияқты дала аңдарының да асығы бар. Бастапқыда өзі ғана жинаса, қазір бұл іске ауыл тұрғындары да атсалыса бастаған.  

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу