Қарағандыда EXPO-2017 көрмесіне арналған жастар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда EXPO-2017 көрмесіне арналған жастар форумы өтті

09.10.2014
Қарағандыда EXPO-2017 көрмесіне арналған жастар форумы өтті

Қарағандыда EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне арналған аймақтық жастар форумы өтті.

Форумда Қарағанды мен Қарағанды облысының жастар ұйымдары мен орталықтарының өкілдері, студенттер мен жоғары сынып оқушылары EXPO көрмесінің тарихымен танысты.

Сондай-ақ, қала әкімдігінің қолдау көрсетуімен «EXPO-2017» ҰК» АҚ өкілдері Қарағанды қаласының Жастармен жұмыс жасау орталығымен бірлесе отырып, «Студенттікке өту – 2014» дәстүрлі рәсімін өткізді. Бірінші курс студенттерін қала әкімі Нұрлан Әубәкіров құттықтады, деп хабарлайды expo2017astana.com.

«Сіздер – еліміздің келешегісіздер. Біздің жастар – ең қабілетті, ең талантты екендігіне және үлкен жетістіктерге жететініне біз сенеміз. Батылдық, тапқырлық және шығармашылық қабілеттер сіздердің әрқайсыларыңызға лайықты болашақты қамтамасыз етпек. Сіздер елімізде ғана емес, шетелдерде де туған қалаларыңыздың атын шығаратындарыңызға сенімдімін», – деді қала басшысы.

Форум жоғары оқу орындарының студенттік және шығармашылық ұжым көшбасшыларының өнер көрсетуімен жалғасын тапты. «Болашақ энергиясы» атты сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды.

Шара концертке ұласты. Кеш қонағы – Әли Оқапов өзінің ерекше концерттік бағдарламасын ұсынды.

Хабарламаларға жазылу