Биылға жоспарланған әрі басталмаған жобалар қатары азаймақ. Кейбірінің жүзеге асырылу мерзімі келесі жылға шегеріледі.
Мәжілісте 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетке енгізілетін өзгерістер туралы баяндаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай деді.
Мәселен, EXPO халықаралық көрмесін өткізу шығыстары 10 миллиард теңгеге азаяды.
«Оның ішінде көрме кешенінің құрылысына жұмсалатын 6,9 миллиард теңге де бар. Алайда, құрылыс жұмыстары толығымен тоқтап қалмайды. Тек бір жылға шегеріледі», - деді министр.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ