«Астана EXPO-2017» мұз айдынына шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана EXPO-2017» мұз айдынына шақырады

15.12.2014
«Астана EXPO-2017» мұз айдынына шақырады

Қала тұрғындары мен қонақтары 17 желтоқсан күні сағат 12-00-ден бастап «Алау» мұз сарайындағы қызықты жарыстар мен кәсіби хореографтар қоятын биге қатыса алады.

Балаларға арналған ойын аймағында қуыршақтар, кәсіби аниматорлар мен аквагрим бойынша суретшілер балдырғандардың көңілін көтеретін болады.

Сайыстардың жеңімпаздарын естелік сыйлықтар күтіп тұр. Бағдарламаның соңында мерекелік дастарқан жайылып, «ЭКСПО-2017» жазуы бар үлкен торт ұсынылады.

Билеттер «Алау» мұз сарайының кассасында сатылады.

 

expo2017astana.com

Хабарламаларға жазылу