Қазақстанның әрбір облысынан, сондай-ақ, Ресей, Қырғыз Республикасы және Тәжікстаннан келген жастар екі күн бойы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасады.
Форум барысында 2017 жылы Астанада өтетін EXPO халықаралық көрмесі мен Алматыдағы Қысқы Универсиадаға еріктілерді дайындау мәселесі кеңінен талқыланды.
Алдын ала есеп бойынша, ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге 3000-ға тарта ерікті атсалысады, деп күтілуде.
Форум соңында Қазақстанда еріктілер қозғалысын дамыту бойынша жалпыұлттық жоспардың жобасы жасалды.
Берік КӨШЕРБАЕВ