«Энергетика чемпиондары» атты байқау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Энергетика чемпиондары» атты байқау басталды

24.06.2014
 «Энергетика чемпиондары» атты байқау басталды
Астанада «Энергетика чемпиондары» атты байқау басталды. Стартап-жоба «Астана Экспо-2017» Ұлттық компаниясының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.
 
Оған кез келген сала мамандары мен студенттер қауымы қатыса алады. Ол үшін тек champions.expo2017astana.com сайтына тіркеліп, онлайн түрде өтінім беру қажет.
 
Өтінімдер 25-ші маусымнан бастап 1-тамызға дейін қабылданады.
 
Ал, конкурстың ең үздік 10 жобасын кәсіпкерлер мен энергетика саласының мамандарынан құралған арнайы топ анықтайды.
 
Айта кетейік, қазір жеңімпаз жобаларды EXPO-2017 көрмесіне қою жағы да қарастырылып жатыр.
 
Ержан Мейрамов, «Астана Экспо-2017» ҰҚ» АҚ департамент директоры:
Қазылар алқасы жобаның қандай да бір мәселені шешу жолдарына, оның тиімділігіне, артықшылықтары мен пайдасына көңіл бөлетін болады. Ал, байқаудың жалпы жүлде қоры - 4 миллион теңге.
 
Айдана  ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу