EXPO-2017 көрмесіне республикалық бюджеттен 283 миллион еуро жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесіне республикалық бюджеттен 283 миллион еуро жұмсалады

13.06.2014
EXPO-2017 көрмесіне республикалық бюджеттен 283 миллион еуро жұмсалады
EXPO-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 283 миллион еуро жұмсалады.
 
Бірақ, шыққан бұл қомақты қаржы мемлекетке қайтарылады. Ол үшін арнайы бап та бар.
 
Бұл туралы бүгін  көрмеге дайындық мәселелері бойынша өткен баспасөз мәслихатында баяндалды.
 
Қазір EXPO-2017 көрмесіне  бөлінген 174 гектар жерде 1000-ға жуық адам жұмыс істеп жатыр.
 
Көшеттер отырғызу, қақпаларды орнату және инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын.
 
Ендігі кезекте 1300 пәтер салынады. Бұл үйлер өз павильондарымен жұмыс істеуге келетін қатысушыларға жалға берілмек.
 
Ал ең үлкен ғимарат Қазақстанның павильоны болады.
 
Талғат Ермегияев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:
EXPO-2017 халықаралық көрмесінің символы болып Қазақстанның павильоны қалады. Бұл дүниежүзінде жоқ ғимарат. Қазіргі уақытта оның жұмыстары жүріп жатыр.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу