Қазақ радиосының журналисі «Астана EXPO-2017» компаниясы жариялаған байқауда жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосының журналисі «Астана EXPO-2017» компаниясы жариялаған байқауда жеңімпаз атанды

19.08.2014
Қазақ радиосының журналисі «Астана EXPO-2017» компаниясы жариялаған байқауда жеңімпаз атанды

Бүгін «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы жариялаған байқау өз мәресіне жетті. Мақсат - EXPO-2017 көрмесіне қатысты республикалық БАҚ-тағы ең үздік материалды анықтау.

Дода екі ай бойы жүріп, 140-тан астам материал сарапшылар сынынан өтті.

«Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов журналистерді құттықтап, сайыс жеңімпаздарына 150 мың теңге көлеміндегі бағалы сыйлықтар табыс етті.

Әділқазылар алқасының төрағасы, белгілі журналист Сейітқазы Матаев: «2017 жылы елімізде өткелі отырған көрме - тарихи шара. Ол еліміздің имиджін әлем алдында ілгерілету үшін керек. Болашақта әріптестеріміз бұл тақырыпты одан әрі тереңірек зерттеп, қызықты материалдарымен қуанта береді деп сенеміз», - деді.

Айта кетейік, қазылар алқасының шешімімен «Қазақ тіліндегі ең үздік радиохабар» номинациясы бойынша Қазақ радиосының Әлеуметтік бағдарламалар редакциясының тілшісі Эльмира Нұртайқызы жеңімпаз деп танылды. 

Хабарламаларға жазылу