Көкшетауда EXPO-2017 шеңберінде байқау ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда EXPO-2017 шеңберінде байқау ұйымдастырылды

23.05.2014
Көкшетауда EXPO-2017 шеңберінде байқау ұйымдастырылды
EXPO-2017  халықаралық көрмесіне  жобаларын ұсынуға ақмолалық жастар да ниетті. Алайда, барлығы бірдей мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмайды.
 
Олардың ішіндегі ең озығын таңдау мақсатында Көкшетауда байқау ұйымдастырылды. Шарада ауыл шаруашылығы, құрылыс, экология, энергетика сияқты салаларға қатысты 400-ге жуық жоба арнайы комиссия назарына ұсынылды.
 
Жұмыстардың ішінде іріктелініп алынған 3D форматындағы принтер стендін ерекше атап өтуге болады.
 
Бұл жаңа, заманауи құралды қазір Көкшетау қаласындағы оқу орындарының бірінде қолданысқа енгізіп жатыр. Принтер үш өлшемді бөлшектерді дайындауға мүмкіндік береді. 
 
Тимур Ысқақов, Ақмола облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:
42 жоба іріктеліп, таңдалды. ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері және жас ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырылды.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу