Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы әкімін қабылдады

08.02.2015
Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы әкімін  қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы бейсенбіде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековті қабылдады. Әкім Президентке бас шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және алдағы қоғамдық-саяси әрі мәдени шараларға әзірлік жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы Астанада алдағы уақытта маңызды іс-шаралардың өтетінін айтып, оған дайындықтың мән-маңызына тоқталды. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бас шаһарда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында, әрі инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылатын  жұмыстарға назар аударды.

Сонымен қатар, шаһарды инвестициялық жағынан тартымды ету, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне көмек беру қажеттігі жөнінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ассамблеяның 20 жылдығы келе жатыр. Соған байланысты Наурыз мейрамын, 1 мамыр - Бірлік күні мерекесін халықтың бірлігіне, бір-біріне деген сеніміне арнау керек. Оған дайындықты қазірден бастау қажет. Сонымен қатар, халықаралық EXPO көрмесіне дайындалу керек. Қазір 2015 жыл, 2017 жылға аз қалды. Соған еріктілер, логотиптер дайындау қажет.

Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу