Атырауда еріктілер корпусы жасақталды

14.04.2014
Атырауда еріктілер корпусы жасақталды
Атырауда облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен алғаш рет еріктілер корпусы құрылды. Мақсат - республикалық, халықаралық дәрежедегі түрлі шараларға еріктілерді дайындау.
 
Қазірдің өзінде корпустың қатарына 50-ден астам студент кірді. Оларға білікті мамандар қаланың тарихы, мәдениеті, мұражайдағы жәдігерлер туралы ақпарат беруде.
 
Семинар күзге дейін жалғасады. Себебі, дайындықтан өткен 150 ерікті биыл күзде Атырауда өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық форумды өткізуге тартылады.
 
Осылайша, үлкен шараларға қатысып, еріктілер корпусы өз жұмысын жүйелендірген соң елімізде өтетін EXPO-2017 көрмесіне әзірленеді.
 
Мейірім Қалауи,  Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
Жастарды біз оқу орындары, әлеуметтік желілер арқылы жинақтап жатырмыз. Олардың тегін, ерікті қызмет көрсетуге қызығушылықтары жоғары. Бұл жастардың патриоттық сезімінің, жауапкершіліктерінің жоғары екендігін  көрсетеді.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу