ХҚКО-дан кез келген қызметті енді саусақ ізі арқылы алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХҚКО-дан кез келген қызметті енді саусақ ізі арқылы алуға болады

13.12.2018

Бұдан былай Халыққа қызмет көрсету орталығына барған адам еш құжатсыз барып, қызмет алуына болады. Бүгіннен бастап, кез келген қызметті биометрикалық мәліметтер немесе саусақ ізі арқылы алуға болады. Жайлы қызмет түрі ТМД-да алдымен біздің елде қолданысқа енді.

 

Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа буыны. Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевке «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының төрағасы Абылай Оспанов осылай деп есеп берді. Мұнда біз үйреніп қалған операторлар жоқ. Есесіне, «M-Gov», «digital drive», «Ай сана» секілді виртуалды көмекшілер бар. Қазір 700-ден астам қызмет электронды түрде көрсетіледі. Алдағы уақытта осы қызметтің барлығы мобильді қосымша арқылы телефонға көшпек.

 

Технологияның күші деген осы. Адаммен адам кезікпейді. Тараптар бетпе-бет жолықпаса, демек, жемқорлыққа да жол жоқ. «Электрондық үкімет бағдарламасының түп-төркіні де - осы», дейді мамандар.

 

Алдағы 5 жылда технологиялық төңкеріс нарықта бар компаниялардың 40 пайызын жұмыссыз қалдырады. Қапыда қалмас үшін, Президент экономиканы цифрландыруды тапсырды. Әзірге, біздің елде жұмыс үрдісінің 95 пайызы қолмен жасалады екен. «Ақылды технология» дамыған сайын, адам күші екінші орынға сырғи беретіні заңды.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу