Шымкентте ашылған жаңа индустриалды аймақта 5 мың адам жұмыс істейтін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ашылған жаңа индустриалды аймақта 5 мың адам жұмыс істейтін болады

17.02.2022

Шымкентте ашылған жаңа индустриалды аймақта 5 мың адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы кәсіпкерлік басқармасының өкілдері Мәжілістегі «Ақжол» фракциясы мүшелерімен кездесуде айтты. Аумағы 306 гектар жерді алып жатқан аймақта кезең-кезеңімен 60 жоба жүзеге асырылмақ. Негізінен құрылыс материалдары, металлургия, фармацевтика және жиһаз өнеркәсібі. Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Қазыбек Иса жеңіл өнеркәсіпті дамыту жайына да қанықты. Қаладағы ірі тігін фабрикасы мемлекеттік тапсырыстың аздығынан тірлігін дөңгелете алмай отыр.

Азат Перуашев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ол проблемалармен біз тікелей Мәжілісте айналысып келе жатырмыз. Қазір ғана мемлекеттік тапсырыс алу туралы заң жобасы келіп түсті. Соған бүгін естіген проблемаларды шешетін ұсыныстарды енгізе аламыз деген сенімдемін.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу