Жуалы өңірінде ет өнімдерін өндіру қарқынды дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жуалы өңірінде ет өнімдерін өндіру қарқынды дамып келеді

27.10.2015
Жуалы өңірінде  ет өнімдерін өндіру қарқынды дамып келеді
Жуалы өңірінде  ет өнімдерін өндіру қарқынды дамып келеді
[left]Класстер жүйесін қалыптастырған кәсіпорындардың келешегі кемел. Жамбыл облысында бұл жүйені қалыптастырып, еңбек көрігін қыздырып жатқан шаруашылықтар аз емес. Соның бірі Бурной шұжық цехы. Жуалы ауданында орналасқан кіші кәсіпорын бүгінде шұжықтың 36 түрін шығарады. Дайын өнім Әулиата өңірінен өзге Алматы және Оңтүстік Қазақстанға өткеріліп жатыр. Бұл туралы Қазақ радиосының ақпараттар қызметі хабарлайды.

Еуразиялық одақтың тиімділігі сол - енді ет өнімдерін еш кедергісіз шетке шығаруға сара жол салынды. «Сондықтан, мал басын көбейтуді де жоспарлап отырмыз. Жем-шөп қорын да шабындықтан өзіміз дайындаймыз», - дейді шаруашылық жетекшісі Егор Кох.
Жалпы Жуалы ауданы бойынша 42 кәсіпорын нысаны бар. Жергілікті тұрғындардың 20 пайызы осы салада еңбек етеді. Сапалы тауар - тұрақтылық кепілі. Класстер жүйесін қалыптастырып, бәсекелестікке қабілетті өнім шығарушылардың жұмысы алдағы уақытта да жандана бермекші.

[b]Бақытжан Советұлы

Хабарламаларға жазылу