Бүгін елордада Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елордада Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

24.10.2015
Бүгін елордада Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
Ауа райының суып кеткеніне қарамастан, шаруалар барлық көкөністі үсірмей, аман алып келіпті. Бағасы да базардағыдан әлдеқайда арзан. Жәрмеңкеде 80-ге жуық шатыр тігілді.

Жиналғандардың назарына күмбірлеген күй, мың бұралған би өнері ұсынылды. Жәрмеңке ертең де жалғасады.
Екі күнде құны 400 милион теңгеден асатын ет пен сүт өнімдері, жұмыртқа мен ұн, көкөніс пен күнбағыс майы сатылады деп жоспарлануда. Арзан азық-түлік алуға келген Астаналықтардың қарасы көп.

Қалдыбай Баяхметов, қала тұрғыны:
Баға жақсы. Қымбатшылыққа қарамастан, әрбір тауардың бағасы базардағымен салыстырғанда төмен. Бағаны ұстап тұрғанға қала басшыларына, мемлекетіміздің басшыларына барлығына рахметімізді айтамыз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу