Димаштың жанкүйерлері қазақстандық 100 балаға концертке билет алып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаштың жанкүйерлері қазақстандық 100 балаға концертке билет алып берді

22.09.2022

Алматыда ертең өтетін Димаш Құдайбергеннің концерті алдында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жанкүйерлері бас қосты.

Фариза Мұсақызы, тілші:

Кеш енді басталды. Мұнда әлемнің 50-ге жуық елінен келген Димаштың 500-дей жанкүйері жиналды. Оңтүстік Африка, Жапония, АҚШ, Қытай - әлемнің әр бұрышынан жиналған өнерсүйерқауым осында. Бұл кешті «Препати» дейді, яғни Димаш қай мемлекетте концерт өткізсе де, жанкүйерлері өзара кездесіп алады. Бір-бірімен танысады.

Фанаттардың Димаш Құдайбергенге алғысы шексіз, отандасымыз оларға әлем халқын тануға, жаңа адамдармен достасып, танысуға мүмкіндік берді, дейді. Барлығы да өнерпазымыздың шығармашылығына, талантына тәнті. Арнайы сыйлықтарын алып келіп, осында таратып жатыр. Бұл ретте, қазақстандық жанкүйерлер де қалыс қалмай осы кешке келді. Олар да шетелдік меймандарды қарсы алып, естелікке Алматы туралы кітап сыйға таратты. Жалпы, осы кездесу кешінде отандық артистер өнер көрсетеді деп күтілуде. Қазақстан туралы викториналық ойындар ойнатылады.

Тағы бір айта кететін жайт, Димаштың жанкүйерлері қаржы жинап, қазақстандық 100 балаға оның концертін тамашалауға билет алып берген. Осы жөнінде Димаштың елінен келген жанкүйері айтып берсе.

Расымен де, барлығы жолдың алыстығына, билеттің жоқтығына қарамастан, Қазақстанға келудің амалын тапқан. Ертеңгі концертті асыға күтуде.


Хабарламаларға жазылу