Елордада Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты концерті өтті

01.07.2019

Әлем күткен кеш. Миллиондаған тыңдарманды тәнті еткен өнерпаздың жеке кешіне 35 мың адам жиналды. Кеш билеттерін әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман сатып алған. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия сынды алыс мемлекеттердің тыңдармандары да бар. 3 сағат бойы Димаш жанды дауыспен 27 ән орындап, бірнеше жаңа әннің тұсауын кесті. Ал қосымша қойылымдарға әлем сахнасында өнер көрсетіп жүрген еліміздің ең үздік бишілері мен акробаттары тартылды. Ауқымды шараның негізгі қонағы - ресейлік танымал композитор Игорь Крутой болды. Айта кетейік, концерттің теленұсқасын Ұлттық арна эфирінен 6-шілде, 21:00-де көре аласыздар.

Димаш Құдайберген, әнші:

Шетелде көп жүргеніммен, ылғи елімнің жаңалықтарын біліп отырамын. Интернетті ақтарғанда ең бірінші елімде не жаңаық болып жатқанын қараймын. Жақында Арыста болған оқиға маған да қатты батты. Тіпті концерт беру осы кезде ыңғайсыздау секілді көрінді, солай айтқандар да болды. Алайда шетелден шақырып қойылған қонақтар бар, арнайы келушілер бар! Соларды ескеру керек болды. Сондықтан Арысқа көмек ретінде осы концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін аударамын деп шештім. Бұл сіздердің де көмектеріңіз боп саналады, ағайын.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу