Украинада бүгін президенттік сайлаудың екінші туры - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада бүгін президенттік сайлаудың екінші туры

21.04.2019

Украинада бүгін президенттік сайлаудың екінші туры. Саяси аламанда тарланына таңдау жасау 200-дей округте өтіп жатыр. Дауыс беру бөлімшелері жергілікті уақытпен кешкі сағат 8-де жабылады. Сайлауға ондаған миллион адам қатысып жатыр.

Ал, саясаттанушылар комедиялық актер Владимир Зеленскийдің жеңіске жететініне шәк келтіріп отырған жоқ. Кім жеңсе де, жаңа президенттің алдында қоғамға тамырын терең жайған коррупцияға тойтарыс беріп, соғысты тоқтатып, құлдыраған экономиканы қайта көтеру міндеті тұр. Украинадан жеткен соңғы жаңалықтарға Арыстан Рысбек толығырақ тоқталады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу