Интернет саудасының игілігі мен шикілігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернет саудасының игілігі мен шикілігі

21.04.2019

Байқасаңыз, әлемдегі миллиардерлердің көбі онлайн-сауданың төңірегінде жүргендер. Мәселен, былтыр ғана америкалық «Амазон» компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос тарихтағы ең бай адам атанды. Оның байлығы 105 миллиард долларға бағаланып отыр. Қытайлық миллиардер Джек Ма ше? Ол да әйгілі «Алибаба» интернет-дүкенінің арқасында ең бақуатты адамдардың тізімінде. Қарамағында 11 млн жұмысшысы, 37  миллиард долларға тең байлығы бар.

Қысқасы, қазір әлемде интернет саудасына арналған платформа құрып байыған 12 мыңнан астам кәсіпкер бар. Электрондық коммерция жаһан бойынша жылдам дамып келеді. Өткен жылы 2 млрд. адам онлайн-дүкен қызметін пайдаланған. Мұның ішінде қазақстандықтардың да үлесі бар.

Әрине, аса көп емес, десе де, осы заманғы сауда-саттық қызметін бізде  2 миллион 300 мыңдай адам тұрақты түрде пайдаланатын көрінеді. Біздің нарықта 1700-ден астам интернет-дүкен жұмыс істейді, электронды сауда айналымында 270 миллиард теңге жүр. Отандастарымыз онлайн тапсырыстың тиімділігін бірте-бірте ұғынып келеді.

Рас, интернет-дүкендер тұтынушы үшін өте тиімді. Біріншіден, ұнаған тауарды виртуалды дүкеннен үйде отырып-ақ сатып алуға болады. Түрлі супермаркеттерге, сауда орталықтарына барудың, уақыт пен күш жұмсаудың қажеті жоқ.

Екіншіден, сатып алған затты үйге немесе алуға ыңғайлы мекенжайға жеткізіп салу қызметі де бар. Үшінші тиімді тұсы, баға базардағыдан екі есе арзан. Дегенмен, алаяқтарға алданып қалып жатқандар да бар. Интернет саудасының игілігі мен шикілігі туралы Шынар Асанқызы айтып берсін.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу