Жамбыл облысында ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты

21.04.2019

Мемлекет басшысы айтып ауыз жиғанша, кеше Жамбыл облысында ірі жол апатынан 11 адам қаза тапты. Алматы-Ташкент автожолының 181-шақырымында «Тойота» автокөлігі жол жиегінде тұрған жүк машинасына соғылған. Салдарынан жеңіл автокөліктегі әйел адам көз жұмды.

Сол сәтте Шымкенттен Алматыға бет алған жолаушылар автобусы соқтығысқан көліктерді айналып өтпек болып, аударылып кеткен. Апат салдарынан автобустағы 41 жолаушының оны опат болды. Араларында Өзбекстан, Тәжікстан азаматтары да бар. Жарақат алғандар Қордай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастарға және олардың туысқандарына мединицалық, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 3 жолаушы ауыр жарақатпен жансақтау бөлімінде. Ал, қалғандарының жағдайы орташа. Қордайда болған қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы қайтыс болған марқұмдардың жақындарына қайғыға ортақ екенін жеткізді және Өзбекстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу