Әскерилер баспанамен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер баспанамен қамтылады

03.02.2019

«Өз әскеріңді асырай алмасаң, өзгенің әскерін асырауға мәжбүр боласың» деген бар. Елімізде баспанасыз баз кешкен әскерилердің саны 60 мыңға жуықтаған. Осы күнге дейін қазынадан қыруар қаржы бөлінгенімен, олардың не үйі жоқ, үйі болмаған соң, күйі жоқ. Бөлiнген миллиондаған ақша жалға берушiге кетiп, әскери қызметкер мен оның отбасы қызметi аяқталысымен пәтерді босатуға мәжбүр. Мәселен, әскери азаматтардың тек бірінші санаты, яғни, еңбек өтілі 10 жылға дейінгі қызметкерлерге ғана баспананы жалға алу үшін жыл сайын 47 млрд теңге жұмсалған, бұл қаржы тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткен. Әйтеуір, дәтке қуат. Артығын күзеп, кемін түзеп, «Тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша» заңға өзгеріс енгізілген еді. Содан бері баспана базынасы толығымен тарқатылмағанмен, 2 мыңнан астам әскери қызметкер үй сатып алды. 836 қызметкер өтемақы арқылы, 513-і – жекешелендіру, 973-і жеңілдетілген ипотека арқылы баспаналы болған. Жаңа норма бойынша әскери азамат 15 жылда өз пәтеріне кіре алады, яғни, қаржы оның есепшотына жиналады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арнайы «Әскери баспана» пакетін ұсынды. Қарыз 6,8-7,8 пайыздық мөлшерлемемен беріледі.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу