Қостанайға Маңғыстаудан барған 100 отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайға Маңғыстаудан барған 100 отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі

30.09.2021

Маңғыстаулықтарға Солтүстік өңірге қоныс аударып, ауыл шаруашылығымен айналысуға болады. Облыс әкімдігі қостанайдағы ірі кәсіпорын басшылығымен осындай келісімге келді. Соның аясында, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы өңірден барған 100 отбасы баспанамен қамтылады. Одан әрі ауыл шаруашылығы саласында оқып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, «1000 жанұя фермері» жобасы бойынша тауарлық несие ұсынылады.

Айдарбек Ходжаназаров, кәсіпкер:

Біз әр фермерге тауарлық несие бойынша 100 сиыр береміз. 100 сиырды біз сосын одан шыққан бұзауды теңбе-тең бөліп, осылай 100 сиырды 7 жылдың ішінде сатып ала алады.


Хабарламаларға жазылу