Биыл 8 мың елордалық баспанамен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 8 мың елордалық баспанамен қамтылады

13.08.2020

Биыл білім беру, денсаулық сақтау, полиция мен әлеуметтік сала мамандарының бір тобы тұрғын-үймен қамтылады. Бұл туралы әкімдікке қарасты тұрғын-үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандары хабарлады. Осыған орай қала әкімдігі мен ипотекалық компания арасында келісім жасалған. Жалпы, биыл қала бойынша 8 мың азамат үймен қамтылуы тиіс. Ал кезекте тұрғандардың саны 47 мыңнан асады. Оның қатарында көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтар, жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, үйі апатты боп табылған азаматтар бар. Осылардың арасында үйі бар 1823 адам кезектен шығарылды. Тұрғын үй берудің бірқатар бағыттарына сәйкес, аз қамтылған отбасыларға тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі арқылы кредит беріледі. Бұған кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар қатыса алады. Оларға тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылына 2 пайызбен 20 жылға дейін бастапқы жарнасы 10 пайыздық несие беру көзделген.

Айша Бекенова, Нұр-Сұлтан қалалық Тұрғын-үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бөлімінің бас маманы:

Бұл ретте бастапқы жарнаның бөлігін қамтамасыз ету үшін әкімдікпен 1 млн тұрғын үй сертификатын беру қарасытырылған. Қазіргі кезде басқармамамен осы бағыт бойынша өткен азаматтарға 125 сертификат берілді.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу