Қорықшы өліміне кінәлілер жазалана ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорықшы өліміне кінәлілер жазалана ма?

20.01.2019

Әлбетте, марқұм Ерлан Нұрғалиевтің ерлігі ұмытылмайды. Бүгінгінің батыры ұлттың байлығын, халықтың қазынасын көздің қарашығындай қалай сақтау керек екенін, қорғау керек екенін, қажет болса, ол үшін жан пида ету керектігін тұтас қоғамға үлгі етіп кетті. Ал, оны өлтірген қаскөйлерге жаза қатты, қоғам да соны талап етіп отыр. Сондықтан, Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин «олардың тіреуі мықты болса да, қылмыстық жауапкершіліктен сытылып кетпейтініне сендіремін», деп уәде берді. Бірақ, қылмыс жасалғалы бері біраз уақыт өтсе де, аң емес, адамды жазым еткен браконьерлер тұтылмады. Бұл жайтты Бас прокурор мен Ішкі істер министрі тікелей өз қадағалауларында ұстап отыр. Ішкі істер министрі Қасымовтың айтуынша, қылмысқа қатысты күдіктілер түгел белгілі, көлік те анықталған. Іздестіріліп жатыр.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу