Мемлекет басшысы осы аптада еліміздің Сыртқы істер министрін қабылдады

13.01.2019

Сәрсенбі күні Мемлекет басшысы еліміздің су жаңа Сыртқы істер министрін қабылдады. Тағайындалғанына 18 күн болған Бейбіт Атамқұлов Президентке инвестициялық жобаларды ілгерілету жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижелері мен министрліктің орталық аппаратының қызметін қайта түзу мәселелері жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ, ел экспортының бағыттарын қайта қарастыру жөнінде баяндама жасады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы саясатын экономикаландырудың және сыртқы саяси бағытымызды әрі қарай тиімді жүзеге асырудың мән-маңызына тоқталды.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу