Мәйіттік донордың маңыздылығы неде?

23.12.2018

Жыл сайын жаһанда 100 мыңнан астам адамның ағзасы ауыстырылады. Қазақ дәрігерлері медицинаның бұл белесін 2012 жылы бағындырды. Қазақстанда тұңғыш рет адам жүрегі трансплантацияланды. Сол уақыттан бері 1,5 мыңға жуық операция жасалды. Науқастардың өмірі ұзарды. Дегенмен, күрделі операцияға мұқтаждардың саны кеміген жоқ, керісінше жыл сайын көбейіп отыр. Соңғы деректер «2,5 мыңнан асады» дейді. Бір жағынан науқастардың еміне донор тапшылығы қолбайлау. Өйткені, халыққа түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз жүргізіліп жүргенге ұқсайды. Әйтпесе, Қазақстанда донорлықты дамыту үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Медицина мамандарын шетелде оқыту, әлем дәрігерлерімен тәжірибе бөлісу жолға қойылған. Клиникалық орталықтар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Астанаға келген шетелдік дәрігердің бірі «Медицина саласының деңгейін «Еліңізде трансплантация жасала ма?» деген сауалдың жауабынан-ақ бағамдай беруге болады» деген-ді. Өйткені, трансплантация жасауды меңгерген маманы бар елдің медицинасы осал болмайды деген сөз. Бұл - халықаралық тәжірибе.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу