Мектептерде ер мұғалімдер неге аз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептерде ер мұғалімдер неге аз?

23.12.2018

Осыдан жүз жыл бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы» депті. Біздің айтпағымыз, ел мектептеріндегі ер мұғалімдердің саны бүгінде 20 пайызға жетер-жетпес екен. Физика, математика, химиядан сабақ беретін ер-азаматтардың саны сиреп кеткен.  Бардың өзі дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық және еңбек пәнінен әрі аспайды. Ал, бұл азшылықтың мектептегі бала тәрбиесіне тікелей әсері бар. Мамандардың айтуынша, соңғы кезде болмысы болбыр, қимылы сылбыр, қыз мінезді ұлдар көбейіп барады. Ер мұғалімдердің жетіспеуі 60-70-ші жылдары Түркия мемлекетінде де байқалған екен. Түріктің қоғам белсенділері «ер ұстаздардың аздығынан ер балаларымыз ұсақталып кетті. Жібектей сызылып, қыз мінездес болып барады. Ал, қыздарымыз еркекшоралыққа бой алдырды. Намыссыздық, сөзге тұрмау, екі сөйлеу, сатқындық кең етек жайып барады» деп мәселе көтереді. Сонда Түркия билігі тарапынан арнайы бағдарлама қабылданып, ерлерді мектепке тарту мәселесі алдыңғы кезекке қойылған. Мектеп ұстаздарының тең жартысы ер мұғалімдерден жасақталып, екі-үш жыл ішінде теңсіздік реттелген екен. Мұны мамандар білмей отырған жоқ. Психологтар «бұл беталысымыз ұлтымыздың ертеңі үшін қауіпті», деп қақсағалы біраз болды. Ұлы мамандықтан азаматтарымыз неге алыстап кетті? Әлде ұстаздық етуден жалықты ма?

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу