Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті

25.11.2018

Қазақ бір ауыз сөзбен жауды да, дауды да тоқтатқан. Алып құрлықтың қақ ортасында жатқан, қос бірдей алып державамен шекаралас орналасқан еліміз көршілерімен ежелден ымыраласа, ынтымақта күн кешіп келеді. Түркі дүниесімен де байланысын үзген емес. Яғни, дала дипломатиясы бізде әуел баста-ақ қалыптасып қойған. Дипломатия - қазақтың қанында бар қасиет. Апта басында Ақорда саяси салмағы бөлек жиын өткізді. Күлтөбенің басына еліміздегі халықаралық ұйымдар және шетелдік дипломатиялық корпус өкілдері жиналды. Қазір елімізде шет елдердің  98 елшілігі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. Біздің де елшілер әлемнің 50-ден астам елінде қазақтың аманатын арқалап жүр.

Ақордаға келген қадірлі қонақтарға Президент алдымен еліміздегі азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және экономикалық дамуға бағытталған ауқымды реформаларды таныстырды. Күн тәртібіндегі жаһандық  және өңірлік мәселелерге де назар аударды. Қазақстан халықаралық саясаттағы шиеленістерге қашанда алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. Тіпті, текетіреске түскен елдердің басын қосып, келіссөздер үшін өзінің алаңын ұсынуға әзір екенін айтты. Елшілермен емен-жарқын сұхбаттасқан Президент еліміздің сыртқы саясаттағы ұстанымдарын жеткізді.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу